Тастыөзек ауылының негізгі орта мектебі КММ жанындағы "Бота" шағын орталығы
 Мини-центр "Бота" при КГУ Основной средней школы     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

сценарий утренника-СИҚЫРЛЫ ҚОЛШАТЫР

30.10.2020

СИҚЫРЛЫ ҚОЛШАТЫР

 

Ортаңғы топ балаларына арналған күз мерекесі

 

Музыканың сүйемелдеуімен қолдарына жапырақ ұстаған балалар залға кіреді де, еркін орналасады. Жүргізуші балалармен және қонақтармен амандасады, музыка залының безендірілуіне назар аударады.

Жүргізуші. Амансың ба, алтын күн,
Амансың ба, жер ана!
Амансың ба, достарым,
Сендерді көрсем қуанам.

                     Астық пісіп,
Орақ түсіп.
Қырман дәнге толады.
Бөбектерім, айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?

Балалар. Күзде!

Балалар күз туралы өлең жолдарын оқиды.

Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.

 

Құстар қайтты ән салып,

Бұлт шарлады аспанды.

Қыс келеді жар салып,

Күз суық басталды.

 

Күзім-ау, күзім-ау,

Мінезін бұзық – ау.

Жаңбырын сіркіреп,

Келгенің қызық-ау.

 

Что за время года –

Дождик моросит.

Это просто осень

В детский сад спешит.

 

На прогулку мы идем,

Листья сыплются дождем.

Под ногами шелестят

И летят, летят, летят.

 

Полюбуйтесь – маскарад,

Лес меняет свой наряд.

Осень в гости мы зовем,

Песню весело поем!

 

«Күз келді» әні

(музыкасы мен сөзі А. Досмағамбетованікі)

Жүргізуші. Балалар, қараңдаршы, күзгі орман неткен әдемі! Ару Күз бізге қаншама жарқын түс сыйлады!

Қолына жапырақ ұстаған бала шығады.

Біз – жапырақпыз, жапырақпыз,

Бұтақтарда отырамыз,

Біз жапырақпыз, жапырақпыз,

Жел соқса, бірден ұшамыз!

 

«Күз жапырақтарымен би»

Жүргізуші. Балалар, ал енді күз жапырақтарымен ойын ойнайық!

 

Жапырақтармен «Өз үйшігіңді тап» ойыны

3 орындыққа 3 үлкен картон жапырақты қояды: жасыл, сарғылт және сары; балалардың қолында осындай түсті екі жапырақтан. Балаларға түсі бойынша өз жапырағын-«үйшігін» тауып, жапырақтардың жанына тұруды ұсынады.

1-бөлім. «Марш» ойнайды – балалар өздерінің жапырақтарының жанында адымдайды.

2-бөлім. «Полька» ойнайды – жан-жаққа еркін жүгіреді; музыка аяқталғанда – өз жапырақтарының жанына «үйшік» салады. Кімнің командасы жылдам?

Жүргізуші. Бүгінгі күзгі мереке қандай ғажап! (Көңілді музыка ойнайды.) Ой, естідіңдер ме, музыка ойнап тұр, мүмкін, бізге біреу қонаққа асығып келе жатқан шығар! Балалар, көңіліміз көтерілуі үшін алақандарыңды шапалақтаңдар!

Музыканың сүйемелдеуімен қолына түрлі түсті үлкен қолшатыр ұстаған сайқымазақ шығады.

Сайқымазақ. Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мені таныдыңдар ма? Мен әлемдегі ең көңілді сайқымазақпын, мені бәрі жақсы көреді! Ал менің есімім Бим! Сонымен, танысайық, мен – Биммін – мені бәрі жақсы көреді! Ал сендерде қандай мереке?

Балалар Күз мерекесін қарсы алып жатырмыз деп жауап береді.

Сайқымазақ. Алақай! Мен мерекені сондай жақсы көремін! Яғңни, ең түрлі түсті мереке басталған сияқты!

Жүргізуші. Иә, Бим! Біздің мерекеміз басталып та кетті, және біз сені қонақта көргенімізге өте қуаныштымыз!

Сайқымазақ. Ал мен сендерге жайдан-жай келмедім, тосынсый алып келдім! Қараңдаршы, менің қолымдағы қолшатырым қандай әдемі. Ол жай қолшатыр емес, сиқырлы қолшатыр, себебі ол кез келген тілекті орындайды! Тек қолшатырды айналдырып, сиқырлы сөздерді айту керек: «Қолшатырым, қолшатырым, айналшы, арман-тілегімді орындашы!»

Жүргізуші. Керемет! Сайқымазақ Бим, ал сен қолшатырың кез келген тілекті орындай ма?

Сайқымазақ. Кез келгенін! Ал армандаңдар!

Жүргізуші. Күз туралы өлең тыңдағымыз келеді!

Сайқымазақ (қолшатырды айналдырады).

Қолшатырым, сен айналшы,

Армандарды орындашы!

Өлеңсіз мерекеміз қалай өтпек?

Кім өлең жолдарын оқып береді?

Балалар күз туралы өлең оқиды

Сап-сары маңай,

Сап-сары тоғай.

Соңғы әнін айтып,

Құс кетті қайтып.

 

Қарашы күз келді, күз келді

Жапырақ жауыпты іздерді.

Құс біткен керуен тізеді,

Қара бұлт қабағын түйеді.

Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

 

Қоңыр салқын тарады

Қойнаулар мен сайлардан,

Қаздар қайтып барады,

Қайтқан елдей жайлаудан.


«Осень за окошком» әні

(музыкасы Б. Терентьевтікі, сөзі Ю. Смирнованікі)

Жүргізуші. Сайқымазақ Бим, ал біздің балаларымыз жұмбақ шешкенді қатты ұнатады.

Сайқымазақ (қолшатырын айналдырады).

Қолшатырым, сен айналшы,

Армандарды орындашы!

Жұмбақтарсыз мерекеміз қалай өтпек?

Жұмбақтарды кім шешеді?

  • Бір аяғы,қалқиған қалпағы бар.

   Ағаш түбінде тұрағы бар.

         Ол не балалар? (Саңырауқұлақ)

  • Бұл саңырауқұлақты жемеңдер!

         Ол не екен, ойланып көріңдер? (Шыбынжұт)

  • Сырылдатады шәйнегін,
            Ұнатпаса да жұрт, мейлі.
            Тереземіздің әйнегін жуады, 
            Бірақ сүртпейді.  (Жаңбыр)
  • Күрке ғой көрсең алыстан,

    Астында адам қорғалар.

   Ұстасаң бір тал қамыстан,

   Төбеден суы сорғалар. (Қолшатыр)

 

 «Жаңбыр шуылы» фонограммасы ойнайды.

Жүргізуші. Ой, балалар, естідіңдер ме, жаңбыр жауып тұрған секілді… Енді қайттік? Су болып қалатын болдық қой…

Сайқымазақ. Біздің сиқырлы қолшатырымыз бар.

Қолшатырым, сен айналшы,

Армандарды орындашы!

Көргіміз келеді осы жерден,

Қолшатырды көптеген!

Қолына балалардың қолшатырын ұстаған қыз шығады.

Жау-жау жаңбыр, жауа берші,

Менің әсем қалама!

Ал біз қолшатырды алып,

Би билейміз тамаша!

 

Қолшатырмен би

 

Сайқымазақ. Неткен әсем билерің,

Алғым келеді үйреніп.

Ал балалар ойнайықшы,

Рет-ретімізбен тұрайықшы.

Балалар. Иә!

Сайқымазақ. Ал бізге ойында сиқырлы қолшатырымыз көмектесе ме!

 

Қолшатырмен ойын

Ойын «Орындыққа кім бірінші отырады» қағидаты бойынша өткізіледі, кішкентай орындықтарды қолшатырдың айналасына қояды.

 

Сайқымазақ. Ең жылдам әрі тапқырларға арналған тағы бір тапсырма. Кішкентай кесектерден көкөністерді құрастыру керек. Кім жылдам орындайды?

 

«Көкөніс жина» аттракционы

 

Жүргізуші. Сүйкімді сайқымазақ, сен осы жерде оркестр ойнайтындай ете аласың ба?

Сайқымазақ. Оп-оңай!

Қолшатырым, сен айналшы,

Армандарды орындашы!

Кемпірқосақ жеті түсті,

Музыкадағы нота да жеті,

Біздің кішкене оркестрімізде,

Музыка жасасын мәңгіге!

 

 

«Дождик» әні

(музыкасы М. Парцхаладзенікі, сөзі Н. Соловьевтікі)

Балалар әнді орындайды және музыкалық аспаптарда ойнайды.

Жүргізуші. Рақмет саған, сайқымазақ Бим, сен біздің көңілімізді көтеріп, қуантып тастадың… Ал сен бізге тосынсый жасай аласың ба?

Сайқымазақ. Тосынсый? Қызық екен, ол неткен тосынсый өзі? Ойланып көрейін… (Ойланады.) А! Таптым! Балалар, ал сендер ертегіні ұнатасыңдар ма?

Балалар. Иә!

Сайқымазақ (қолшатырды айналдырады).

Қолшатырым, сен айналшы,

Армандарды орындашы!

Ертегінің көргіміз келеді!

 

«Гномиктің үйінде қонақта» қойылымы

«Орман дыбыстары» фонограммасы ойнайды; орман декорациялары шығады: томарша, шыршалар. «Гномик» әнінің (музыкасы О. Юдахинанікі, сөзі Г. Новицкаянікі) сүйемелдеуімен Гномик шығады.

Гномик. Ерте тұрып, орманға келдім –

Бәрі қайда кеткенін білмедім.

Ойнамайды, ән салмайды, 

Мені қонаққа шақырмайды.

Не болып қалды? Неліктен?

Ештеңені түсіне алмаймын…

Қоянның музыкасы ойнайды; қолына сәбіз ұстаған Қоян шығады.

Қоян. Сәлем, Гномик!

Гномик. Сәлем, Қоян! Қалың қалай? Қайдан келе жатырсың?

Қоян. Гномик, күз келді ғой,

Жұмыс деген толып жатыр, ой,

Тонымызды жылылап,

Қысқа азық жинау керек қой.

Сәбізден ауыз тие ғой,

Ренжімей, үйіңе қайта ғой! (Қашып кетеді.)

Жүргізуші. Кірпіні ортаға шақырып,

Бәрін біліп алайық:

Не істеп жүр, қайда жүр,

Бізге жылдам келсінші.

Қолына алма толтырылған себет ұстаған Кірпі шығады.

 

Кірпі. Сәлем, Гномик!

Гномик. Сәлем, Кірпі!

Кірпі. Өнім жинапсың, құттықтаймын, 

Тәтті нанымды алып келдім.

Қабыл алыңдар, балалар,

Ауыз тиіңдер, ұялмаңдар!

Гномик. Рақмет саған, Кірпі! (Кірпі себетті беріп, кетіп қалады.)

Жүргізуші. Қорбаңбайды шақырайық,

  Ұшқалақты мазасыз.

Балабақшаға алдырайық,

Қарсы алсын балаларымыз.

Музыканың сүйемелдеуімен Қонжық кіреді, қолында – шоколад салынған бөшке.

Гном. Сәлем, Мишка, қорықпа,

Өте қойшы алдыға.

Бөшкеңде не бар? Бал ма?

Қалың қалай, жақсы ма!

Қонжық. Бал жоқ, қайғырма,

Шоколадтан берейін.

Риза болыңдар сыйыма,

Ал мен үйіме қайтайын! (Кетіп қалады.)

Гном. Тәттілердің бәрі сендерге! Сау болыңдар, кеттім, қыста келіп кетемін.

Сайқымазақ. Балалар, қараңдаршы, сендерге орман аңдарының қандай ғажап сыйлықтар әкелгенін.

Балаларға алма және шоколад үлестіреді. Сайқымазақ қоштасып, шығып кетеді.

Жүргізуші. Берекелі бақ-дәулет,

         Арта түссін тойланып.

         Сау болындар, балалар,

         Келгенше жыл айналып.

Балалар көңілді музыканың сүйемелдеуімен залдан шығып кетеді.

 

 

 

Просмотров: 496


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст